KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО əкімі Мұхтар Əуезов жəне Алаш арыстары музейіне барды

15.12.2018, 07:00 228

Бұл үйді өз заманында Абай Семей қаласына келгенде түсетін үй ретінде Əнияр Молдабаевқа алып берген еді.


Музейде кейінірек Əлихан Бөкейханов бастаған алаш қайраткерлері тұрған. Қазір музей толық жөнделуден өтті.


Алдағы уақытта Қастерлі Қазақстан жобасына кіргізілмек. Бұл музей үй Абайдың мемлекеттік қорық музейіне қарайтындықтан, директор Болат Жүнісов қазіргі қал жағдайымен толық таныстырып өтті.


Келесі кезекте облыс басшысы Абай театрына ат басын тіреп, Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасымен қолға алынған Жазушы Медеу Сəрсекенің жетекшілігімен шыққан Абай əлемі кітабының тұсаукесерін өткізді.


-Абай əлемі жобасы дəстүр мен жаңашылдықты біріктіретін жоба- деді облыс əкімі Даниал Ахметов- Астана қаласы Фолиант баспасынан 10 автордың 16 кітабы жарық көріп отыр. Барлығы 13 689 кітап. Бұнда М. Əуезовтың Абай жолын орыс жазушысы А. Ким керемет тамаша аударған. Сол сияқты Толеу Көбдіковтың, М. Қабанбаевтың шығармалары қамтылған.


Осылай дей келе Семей тұрғындарын Тəуелсіздік мерекесімен құттықтаған облым əкімі Даниал Ахметов жазушы Медеу Сəрсекенің кеудесіне Парасат орденіңн тақты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив