KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 4 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік наградалар тапсырылды

14.12.2018, 11:04 118

Еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында аймақ басшысы Даниал Ахметов бір топ шығысқазақстандыққа мемлекеттік наградаларды салтанатты жағдайда табыс етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Облыс әкімі марапат иелерін және олардың жақындарын мемлекеттік мереке – тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан айтарлықтай үлестері үшін алғыс білдірді.


– Барлықтарыңызды бүгінгі Ұлы мейраммен құттықтаймын! Тәуелсіздік күні қарсаңында сіздерді арнайы шақырып отырмыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан сіздерге мемлекеттік наградалар тапсыру мен үшін зор мәртебе! Сіздер еліміздің өсіп-өркендеуіне ерен еңбектеріңіз арқылы үлкен үлес қосып отырсыздар. Соларды сіздерге тапсыруға рұқсат етіңіздер! – деді Даниал Ахметов.


Марапатталушылар қатарында ұстаздар, дәрігерлер, медбикелер, өндіріс және аулы шаруашылығы саласының еңбеккерлері, кәсіпкерлер, сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың басшылары болды. Айталық, Зырян ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова көктемгі тасқын кезінде танытқан батылдығы үшін «Құрмет» орденімен наградталды. Осындай награданы алып отырған «Азия фирмасы» ЖШС директоры Сәуле Досқожанова болса бүгінде Семейде тұтас бір шағын ауданды және бірегей «Абай арена» стадионын салып жатқан білікті құрылысшы-әйел ретінде таңылып отыр. Марапатталғандар ішінде қазақша күрестен «Әлем барысы» турнирінің екі мәрте жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбек Нұғымаров та бар.


– Көңіл бөліп, марапаттап жатқандарыңыз үшін баршаларыңызға рақмет! Еңбегімнің осылайша бағаланып жатқаныңа ерекше ризамын. Награда алу мен үшін үлкен мәртебе! тәуелсіздік күні құтты болсын! – деп лебізін білдірді Айбек Нұғымаров.


Атап өтерлігі, «Парасат» орденімен жазушы Медеу Сәрсеке, «Еңбек Даңқы» орденімен Шемонаиха ауданындағы «Камышинское-2» ЖШС механизаторы Иван Войтович, «Шығыстүстімет» ЖШС машинисті Бауыржан Сейітжаппаров, «Өскемен жылу желілері» АҚ слесарі Евгений Фалин марапатталды.


 


Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығынан үзінді


Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен

наградтау туралы


ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:


1. Мемлекеттік және қоғамдық қызметте cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мыналар наградталсын:


«Парасат»орденімен


Головатюк Владимир

Михайлович

- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы


ТумашиновЛұқбек

Шабданұлы

- «Элхон» ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданы


СәрсекеМедеу - жазушы, Семей қаласы;


«Құрмет»орденімен


Асқарова Жанна

Асқарқызы

- Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімінің орынбасары

Бастосова Қантжан

Мыңжасарқызы

- «Аягөз ауданының қалалық көпсалалы мектеп – гимназиясы» КММ мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы


Дель Алексей

Егорович - «Глубочанка» ШҚ басшысы, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы


Досқұжанова Сәуле

Жұмашқызы

- «Азия» Фирма»ЖШС директоры, Семей қаласы


Нүсіпова Әсем

Бекқызы - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;


III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен


Войтович Иван

Александрович

- «Камышинское-2» ЖШС механизаторы, Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданы


Жұмақов Ренат

Серікұлы

- «Бақыршық тау - кен өндіру кәсіпорны» ЖШС экскаватор машинисі, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы


Қамшыбаев Ботан

Напағанұлы

- «СМУ Шығыс» ЖШС механизаторы, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы


Сейітжапаров Бауыржан

Тоқтарқанұлы - «Шығыстүстімет» ЖШСмашинисі, Шығыс Қазақстан облысы


Фалин Евгений

Михайлович - «Өскемен жылу жүйелері» АҚ слесарі, Шығыс Қазақстан облысы;


«Ерен еңбегі үшін» медалімен


Ақбердинов Серік

- «Восток-Котлы» ЖШС атқарушы директоры, Өскеменқаласы


Әлібаева Ғалия

Айтжанқызы

- «Семей қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасы» КМК директорының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы


Анарқұлова Сана

Мақсотқызы

- «Алтай» волейбол клубы» ЖШС спортшы, Шығыс Қазақстан облысы


Барсукова Виктория

Александровна

- «Шығыс Қазақстан облысы Жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы


Грищенко Анна

Юрьевна - «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ ішкі аудит қызметінің басшысы


Иіспаева Нұрғайша

Әндібекқызы - «Казцинк» ЖШС зертханашысы, Шығыс Қазақстан облысы


Жақыпов Мұрат

Кеңесұлы

- «Арна» ШҚ басшысы, Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданы

Жанғозин Жансап

Шыңғысұлы

- «Көктау нұры» аудандық газетінің бас редакторы, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы


Жолдасов Расылхан

Тасқожаұлы - «Теплокоммунэнерго» МКК директорыныңөндірісбойыншаорынбасары, Семей қаласы


Жұмағалиев Нұрсұлтан

Уатқанұлы

- «Бесқарағай орталық аудандық ауруханасы» МКК бөлім меңгерушісі, Шығыс Қазақстан облысы


Карманов Борис

Андронович

- «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ бөлім басшысы, Шығыс Қазақстан облысы


Куленова Наталья

Анатольевна

- «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» РМК «Металлургия» кешенінің басшысы


Ластаева Раушан

Мамашқызы

- «Шығыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысының орынбасары


Мұздыбаев Ринат

Мұратханұлы

- «Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған медициналық орталығы» КМК дәрігері


Омаров Шалқар

Жүнісұлы

- «Аягөз орталық аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері, Шығыс Қазақстан облысы


Петрова Наталья

Анатольевна

- «№ 2 орта мектеп» КММ мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласы


Подкорытов Александр

Александрович

- «Алекс» ШҚ басшысы, Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданы


Приезжева Ирина

Борисовна

- «Риддер қалалық ауруханасы» КМК учаскелік терапевт-дәрігері, Шығыс Қазақстан облысы


Шушпаева Гүлнар

Темірбекқызы

- «Бесқарағай аудандық Семияр орта мектебі» КММ мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы


Шұмақов Бейбіт

Іргебайұлы

- «Аягөз ауданының көпсалалы қалалық қазақ мектеп-гимназиясы» КММ директоры, Шығыс Қазақстан облысы;


«Шапағат» медалімен


Бондаренко Андрей

Анатольевич

- Өскемен және Семей Амфилохий епископі, Шығыс Қазақстан облысы


Борисова Надежда

Александровна

- «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру-тәрбиелеу орталығы» КММ директорының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы


Мұқатай Ермек

Қасболатұлы

- Шығыс Қазақстан облыстық мешітінің бас имамы, Өскемен қаласы


Мясникова Ирина

Викторовна

- «Семей қаласының перинаталдық орталығы» КМК медбикесі, Шығыс Қазақстан облысы


Эстерлейн Надежда

Рудольфовна - «Оқу-тәрбие және сауықтыру орталығы» КМК тәрбиешісі, Шығыс Қазақстан облысыРиддер қаласы;


Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен


Башабаева Қарлығаш

Тыштықпайқызы

- Өскемен қаласыәкімдігінің«№ 3 мектеп- гимназиясы» КММ мұғалімі


Богатырева Надежда

Илларионовна

- «Огонек» мәдени - сауықтыру орталығының директоры, Өскемен қаласы


ЗакаевИсхак

Элимович - «Кайрат» ШҚ мүшесі, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы


ИсаевНиколай

Николаевич

- «Семейдегі коммерциялық емес ұйымдардың ассоциациясының «СҚҰА» ЗТБ вице - президенті,Шығыс Қазақстан облысы


Қасенов Қайырлы

Аманкелдіұлы

- «Маулит» ШҚ басшысы, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы


ҚыдырбаеваӘлмира

Қадесқызы

- «Шар қалалық ауруханасы» КМКмедбикесі, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданы


ОмаровЕрнар

Ғайноллаұлы


- «Қатонқарағай ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КМК жаттықтырушысы, Шығыс Қазақстан облысы


Сәдуақасов Қайрат

Бесенбайұлы

- «Нивы Чапаево» ЖШС мал шаруашылығының бригадирі,Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы


Серікқалиұлы Айдос

- «Металлист» ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы


Тілеубеков Әділет

Серғалиұлы

- «UTS OIL» ЖШС бас директоры, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы


ТюнинАлексей

Александрович

- «Шығыстүстімет» ЖШС проходчигі, Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданы


Фёдорова Оксана

Фёдоровна

- «Авиценна» жоғары медициналық колледжі» білім беру мекемесінің директоры, Семей қаласы.


2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Назарбаев


Астана, Ақорда, 2018 жылғы 5 желтоқсан


№ 798

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив