KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Облыстың даму бюджеті 110 млрд теңгеге жетті

14.12.2018, 10:59 115

 


Бұл облыстық бюджеттің тарихында осыған дейін болмаған жағдай, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті ХХV сессиясында 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы мәселе қаралып, сессияның жұмысына қатысқан өңір басшысы Даниал Ахметов жергілікті бюджет шығындарының барлығы да Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандарды жүзеге асыруға бағытталғанын, оның ішінде әлеуметтік салаға басымдық берілгендігін атады.


Ағымдағы жылдың ақырғы сессиясының жұмысын қорытындылаған облыс басшысы Даниал Ахметов басты қаржылық құжатта басымдық қай салаларға берілгендігін атап көрсетіп, бірінші рет облыстың даму бюджеті 110 млрд теңгеге жеткенін мәлімдеді. Бұл көрсеткіш өңірдің дамуында бұған дейін болмаған жағдай екендігіне нақты мысалдармен тоқталды.


– Осыдан төрт жыл бұрын Сіздермен осы залда кездескенімде бұл мәселені көтерген едік. Сол кезде облыстың даму бюджеті не-бәрі 15 млрд теңге болатын. Атқарылған шаруалардың нәтижесінде осындай көрсеткішке қол жеткіздік. Бұл енді басқаша деңгей. Өздеріңіз көріп отырғандай, соңғы жылдар көлемінде облыстың білім, денсаулық сақтау, құрылыс, мәдениет, ТҮКШ салаларында ауқымды шаруалар тындырылды. Ірі жобалар іске асырылуда. Білім мен денсаулық саласына үлкен қолдау жасалды. Заманауи медициналық жабдықтар облысқа келді. Мектептерде 277 IT-сынып ашылды. Ұстаздарымыз бен дәрігерлеріміз шетелде білімін жетілдіріп, саланы мүлдем жаңа деңгейге көтерді. Бұрын шетелге баруға тура келетін күрделі оталар енді өзімізде жасалады. Келер жылы да әлеуметтік салаға басымдық беріледі. 2019 жылдан бастап аймақтың 100 ауылдық округі өз бюджеттерімен жұмысты бастайды. Яғни, алдағы жылдарда ол ауылдар адам танымастай өзгереді, дамиды деген сөз. Осының барлығы да ұлы замандасымыз Елбасының қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты берген тапсырмасын орындау аясында іске асырылуда. Барлық шығысқазақстандықтарды алда келе жатқан ұлық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен және Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Баршаларыңызға денсаулық, бақыт, табыс тілеймін, - деді облыс әкімі.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив