KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Семейде тізе буынына күрделі ота жасау қолға алынды

12.12.2018, 12:25 195

Семей мемлекеттік медицина университетінің ректоры Ерсін Жүнісов хабарлағандай, Шығыс Қазақстан облысында адам өмірін сақтау үшін медицина саласына жаңа технологиялар дендеп енгізілуде.


Бүгін таңғы 07.45- те Семейдегі Жедел жәрдем ауруханасында тұңғыш рет «Тірек-қимыл артроскопиясы, оның ішінде тізе буындарының артроскопиясы» атты күрделі ота сәтті түрде жасалып шықты.


-Облыс әкімі Даниал Ахметовтың қолдауы арқасында Семей қаласының Жедел жәрдем ауруханасына өте жоғары деңгейлі Артроскоп құрылғысы табыс етілді,-деді ректор Ерсін Жүнісов,-енді осы жабдық арқылы ШҚО ғана емес, бүкіл Қазақстанның тірек-қимыл ауруымен ауыратын науқастарын емдеп, сауықтырып шығара аламыз. Облыс әкімі Даниал Ахметов бізге Жедел жәдем ауруханасының политравма және ортохирургия саласын қысқа мерзімде республикалық деңгейге көтеруді тапсырған еді. Оны біз міне, орындадық. Қала әкімі Ермак Сәлімовке көп рахмет, мәселеге дәл уақытында назар аударды.


Енді облыс тұрғындары ортопедия мәселесіне орай, ауырып-сырқап жатса Астана мен Алматыға жол тартпай-ақ, Семейде емделетін болғаны үлкн қуанышты жаңалық.

Семей

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив