KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 8 м/с, З
445.66 474.58 4.78

7-20-25» бойынша қарыз алушыларға қойылатын талаптар

12.12.2018, 10:43 189

– Елбасының тапсырмасымен қолға алынған 7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін тұрғындар қандай талаптарға сәйкес келуі қажет?


Сарқыт Медеубаев,

Зайсан ауданы


Сауалға Ұлттық банктің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Айнагүл Жолдыбалина жауап береді:


– 1. Банктің қарауы бойынша келесі құжаттардың бірімен расталған еңбек немесе кәсіпкерлік қызметінен кірісінің болуы;


2. «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздары және өзге ипотекалық тұрғын үй бойынша өтелмеген берешегінің болмауы;


3. Қазақстан Республикасы аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы:

- жатақханаларда отбасының әрбір мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем бөлмелердің болуын;

- апат жағдайындағы, құлау (қирау) қаупі төнген тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын аталған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы.


Бағдарламада қарыз алушының барынша төмен кіріс деңгейі белгіленбейді, алайда ипотекалық қарызға қызмет көрсету үшін жеткілікті расталған кірістері болуы шарт. Бұл ретте, адамның несиелік қабілеттілігіне баға беруге басқа да несиелердің болуы және бағдарлама бойынша әлеуеттік қарыз мөлшері әсер етеді. Қарыз алушының кредиттік тарихындағы мерзімі өткен қарыздар тұрғын үй бағдарламасы қатысушысының несие қабілеттілігін бағалауда кері әсерін тигізеді.


Қарыз алушының кіріс деңгейі жетпеген жағдайда қосалқы қарыз алушыны тартуға болады, қарыз алушыларға қойылатын талаптар қоса қарыз алушыларға қолданылмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив