KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

11 желтоқсан. Бүгін Өскеменде ауа сапасы төмендейді

11.12.2018, 04:31 147

11 желтоқсан күні Қазақстанның 11 қаласында  метеорологиялық жағдай жайсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.


Атап айтқанда, Ақтау, Ақтөбе, Астана, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Талдықорған, Өскемен, Көкшетау және Петропавл қалаларында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады. Атмосферада ластаушы заттар шоғырлануы ықтимал.


Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив