KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-ның үш ауданында аязға байланысты сабақ тоқтатылды

10.12.2018, 04:36 120

Бүгін ауа температурасының төмендеуі мен үскірік желге байланысты Зырян, Көкпекті және Шемонаиха аудандарында оқушыларға сабақ болмайды деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі облыстық ТЖД сайтына сілтеме жасап.


Зырян ауданында таңертең ауа температурасы -33 градусты көрсеткен. Осыған орай бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды деп хабарланған ТЖД сайтында.


Көкпекті ауданында 31 градусқа дейін аяз болатындықтан, бірінші ауысымның 1-9 сыныптарындағы оқушылар сабаққа бармайды.

Шемонаиха ауданында бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды. Бұл жақта -23 градус аяз және қатты жел.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив