KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Аягөзде тігін цехы ашылды

6.12.2018, 03:31 120

Аягөзде көп жылдардан бері киім сатып жүрген Күміс Әбдрахманова «Даму» қоры арқылы несие алып, тігін цехын ашып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


19 жылдан бері сауда орындарын жалдап, әртүрлі (ішінде арнайы мамандарға арналғандары да бар) киімдер сатқан ол таяу арада бұл үшін мемлекеттен қаржы алып, кәсібін жүргізуге болатындығын естиді. Бірден осындағы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Самархан Байжановқа келіп, бұл істің аужайымен танысады да сол кісінің бағыттауымен арнайы құжат жұмыстарын реттей бастайды.


-Шынында да бастабында бір бес-алты тігін машинасын ғана аламын деген ойым мүлде жаңсақтық болып шықты. Ойға алған ісімізді бастау үшін алдымен тігін машиналарына, киім үтіктеуге, материалдарды кесуге арналған арнайы үстелдер, турникеттер мен аверлогтар алдық. Мына тұрған «Типикал» тігін машиналары еш артық дыбыссыз жұмыс істейді, өте қолайлы. Шындығында мемлекет тарапынан «Даму» қоры арқылы үлкен жеңілдікпен берілген қаржы бірден біздің кәдемізге асты,-дейді Күміс Рахымберліқызы,- Өзіміз құрылысын салған «Жәкіш» деп аталатын сауда үйінің ішінен тігін цехын ашып, тапсырыстар қабылдап жатырмыз. Әскерилер мен осындағы кадет оқушыларына арнап спорттық киімдер тігіп жатырмыз. Енді жуық арада субсидия мәселесі шешілсе, біз бұл үшін үлкен жеңілдік болар еді. Өйткені, кез келген істің бірден дөңгеленіп жұмыс істеп кетуі қиын шаруа ғой. Оның қаржы мәселесі, жұмыс орны, жұмыс күші секілді басты-басты түйіндерін шешіп алғанда ғана іс оңға басады деп ойлаймын өз басым. Сол үшін де мұндай жеңілдіктер бізге өте қажет. Бұл енді қадамын басқан кәсіпкер үшін үлкен демеу.


Айта кетерлігі, сауда үйінің Жәкіш аталуы да тегін емес көрінеді.


-Жәкіш деген өз атамыз,-дейді Күміс ,- Күйеуімнің аты-жөні Әділбек Жәкішұлы Әбдрахманов. Сауда үйінің ғимаратын салып болғаннан кейін бірден «Жәкіш» атадық. Өйткені, бәріміз Әбдрахман атамыздың тегін алдық та Жәкіш атамыз атаусыз қалғандай болып, қоңылтақсып қалған жайымыз болды. Сондықтан, осылай атауды ұйғардық. Өз алдыма кәсіп ашамын, жұмысымды жүргіземін деген жандар үшін мелекет тарапынан осындай жеңілдіктер болғаны қандай тамаша. Қолтығыңнан демеп жіберсе, арғы жағында істі дөңгеленту өзіңе байланысты ғой,-дейді  Күміс Әбдрахманова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив