KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
448.15 483.46 4.86

ШҚО-дағы тұрақтандыру қорының қанты қымбаттамайды

4.12.2018, 03:42 116

Аймақта әлеуметтік маңыздағы деген азық -түлік түрлерінің де бағасы өсіп бара жатыр. Қазір өңірде 19 әлеуметтік маңыздағы азық- түліктің сегізінің бағасы көтеріліп кеткен. Оның ішінде қант, тауық еті, сүт өнімдері, күнбағыс майы, күріш, қарақұмық бар. Бағаны  тұрақтандыруға байланысты іс шаралар атқарылып жатыр ма?


-Біздің облыста баға мәселесін реттеуге, бақылауға  орай комиссия құрылған. Комиссия   біздің басқарманың, ауыл шаруашылығы басқармасының, қала, аудан әкімдерінің қатысуымен аптасына екі рет отырыс өткізіп келеді. Біз өткен аптада күнбағыс майын шығаратын екі жергілікті өндірушімен :Шемонайхадағы «Востоксельхозпродукт» және Өскемендегі «Маслозавод.№1» кәсіпорындарымен бағаны көтермеуге байланысты келісім жасасып, меморандумға отырдық. Ал, қант бойынша комиссия құрылған отырысын өткізіп, хаттамасын шығардық. Көкөністердің тұрақтандыру  қоры сияқты қанттың да қорын жасаймыз, Талдықорғандағы Ақсу қант зауытына тапсырыс беріліп отыр,10-15 вагон әкелінбек, ақша бөлінді. Қазір қант дүкендерде 250-270 теңге тұрса, тұрақтандыру қорының қанты 240 теңге мөлшерінде болады. Тауық етіне байланысты Өскемен құс фабрикасымен  де өткен аптада меморандумға қол қойдық, алдағы уақытта бағасы түсетін болады,-дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шурманов.


Қазір құс етінің бағасын түсіру, тұрақтандыру  мәселелермен ауыл шаруашылығы басқармасы да айналысып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив