KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Тұңғыш Президент күнінде жас сарбаздар ант қабылдады

1.12.2018, 08:15 236

Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының №27943 әскери бөлімінде жас сарбаздар ант қабылдады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Жас сарбаздар Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарынан келді. Олардың әскери ант қабылдауы бүгінгі мерекеге тұспа-тұс келіп отыр. Сарбаздар бұл жерде елді қорғайтын нағыз жауынгер болып шығады. Ата-аналар қауымы алаңдамаса да болады, себебі ұлдары сенімді жерде, – деді әскери бөлімнің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асыл Ерғалиұлы.


Оның айтысынша, сапқа 300-ге тарта сарбаз тұрғызылды.


– Мен Алматы облысынан келдім. Бүгін әскери ант қабылдадым. Бұған дейін әскери бейімдеу мерзімінен өттік. Аз ғана уақыт ішінде көп нәрсені үйрендік, – деді жас сарбаз Абат Бұқарбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив