KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
447.4 477.55 4.76

ШҚО-ның күре жолдары толық жөнделеді

29.11.2018, 11:05 196

Биыл облыстағы барлық дәрежелі жолдарды жөндеуге 55 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Негізгі туристік нысандарға – Сібе көлдеріне, «Нұртау» және «Алтай Альпісі» тау шаңғысы базаларына апаратын жолдар қалпына келтіріліп отыр. Осы жылы Алакөл бағытындағы Мақаншы – Жалаңашкөл жолы жөнделіп бітті.


– Биыл облыстың автожолдарына былтырға қарағанда бір жарым есе көп қаржы құйылды. Оның ішінде облыстық, аудандық жолдарды, елді-мекендердің көшелерін жөндеуге 19,3 миллиард теңге бағытталды, – дейді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.


Бүгінгі таңда Бородулиха – Шемонаиха, Көкпекті – Самар жолдарының телімдері жөнделуде, ал Семей – Қарауыл жолын жөндеу жұмыстары аяқталып отыр. Атап өтерлігі, бұл өңір Киелі жерлер картасына енген.


– Екі жылдың ішінде Өскемен мен Семейдің көшелеріне қомақты қаржы бөлініп келеді. Жалпы, елдімекендердің көше-жолдарына осы жылы 10,7 миллиард теңге бөлініп, игерілді, – дейді Н. Жұмаділов.


«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Омбы – Майқапшағай, Таскескен – Бақты республикалық трассалары, Осинов асуының айналма жолы қайта қалпына келтірілуде. Шетелдік компаниялардың қатыуымен Талдықорған – Қалбатау – Өскемен және Қалбатау – Майқапшағай жолдарын жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив