KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,9 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Риддерде жаңа жылдық шырша орнатылып қойды

23.11.2018, 06:28 210

Алда Жаңа жыл мейрамы келе жатыр. Мерекенің өзіне әлі бір жарым айдай уақыт бар. Бірақ Риддер қаласында мейрамның басты белгісі – жаңа жылдық шыршаны орнатып қойыпты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы инстаграмдағы ridder_online парақшасында жарияланып отыр. Жұрттың айтуынша, шыршаны Республика алаңына қарашаның 19-да орнатқан. Қазір оның табаны бекітіліп, монтаж жұмыстары жүргізілуде.


Шыршаның биіктігі 24 метр екен.  Орнатушы мердігер - «Риддер электромонтаж» ЖШС. Желтоқсанның 5-не дейін шыршаны гирляндамен безіндіріп қоймақ.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив