KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

ШҚО әкімі жұмыс сапарымен Қытайда жүр

23.11.2018, 04:06 219

Өткен төрт жыл ішінде Шығыс Қазақстан мен Синьцзян-Ұйғыр автономиясы басшылығы арасында әртүрлі деңгейдегі 15 кездесу өтті. Облыс әкімі Даниал Ахметов пен аталмыш автономияның төрағасы Шохрат Зәкірдің бұл жолғы кездесуі 16-ншы мәрте болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Естеріңізде болса, шілде айындағы еліміздің Президенті мен Қытай басшысының кездесуінде екіжақты интеграция жоспары тараптарға жаңа мүмкіндік тудыратындығы айтылған болатын.


Қазақстан транзиттік аймақ болып саналады. Шығыс Қазақстан облысы Қытаймен шекаралас аймақ ретінде екі елдің серіктестігін одан ары нығайтуға сеп болмақ.


Кездесуде ауыл шарушылығы секторы, әсіресе өнімді қайта өңдеу, экспорттау жайы қозғалды. Сондай-ақ білім саласында да бірқатар шаруалар бірлесіп атқарылмақ. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ мен Шихэцзы университеттері техника саласында, ал С.Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Іле педогогикалық университеті гуманитарлық ғылым саласында жұмыла жұмыс істейді.


Екі аймақтың басшылығы Тэчен – Аягөз бағытында темір жол салу жайын да сөз етті.


– Екі ел басшыларының жетекшілігінің арқасында дұрыс жол табарымыз анық. Жұмылып іс істесек, экономикалық бірлестіктің болашағы жарқын болады, – деді Синьцзян-Ұйғыр автономиясы партиялық комитетінің хатшысы Чень Цюаньго.


Жиын соңында облыс басшысы Даниал Ахметов жоспар бойынша нақты іске кірісу керектігін айтты.


– Бүгін келелі мәселелер сөз болды. Екі тараптың экономикасына да пайдалы жайлар айтылды. Темір жолдың құрылысы мен ауыл шаруашылығы жөніндегі жоспарларымыз оң нәтиже береді деп сенеміз, – деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив