KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 10 м/с, С
444.22 476.38 4.82

"Өскемен-Астана" пойызы төте жол бола тұра неге Ресей айналып жүр?

19.11.2018, 08:05 198

«Өскемен – Шар» төте жолыменАстанаға 17 сағатта апарып, алып келетін «Тұлпар-Тальго» пойызының тоқтап қалғаны облыстың тұрғындарына  үлкен қолайсыздық тудырып отыр. Астанаға баратын, ол жақтан кері қайтатын ел былтырғы қаңтардан бері қайтадан ескі темір жол торабымен, Ресейдің Локоть стансасы арқылы өтетін айналмамен қатынап, жол азабын тартып жүр.


 


АЙНАЛМАДАН ҚҰТЫЛУ ҮШІН СУБСИДИЯ ҚАЖЕТ


 


2018 жылдың басында «Өкемен -Шар» төте жолымен «Өскемен-1 – Астана-Нұрлы жол» бағытында жүріп келген «Тұлпар-Тальго» жүрдек  пойыздары тоқтап қалғаннан бері қазір бұл бағытта айналма жолмен «Астана-Лениногор» пойызы ғана жүріп жатыр. Қыстың көзі қырауда, жаздың аптап ыстығында шығыстағы ел жұрт осылайша қайтадан   жер -көкті шарлап, елордаға айналма жолмен барып, келуде. Бірнеше жыл бұрын пайдалануға берілген  Өскемен - Шар темір жолы осы айналма жолдың машақатын шешу үшін төтелей салынған еді. Енді сол төте жол текке жатыр.Қазір бұл төте жолмен тек жүк пойыздары ғана жүріп келеді. 17 сағаттың орнына 26-27 сағат жолда жүріп,  Астананың пойызына отыру үшін  Семейге барып, әуреге түсіп келе жатқан тұрғындарды бар бола тұра жоқ болып тұрған «Өскемен -Шар» төте жолы осылайша  шарасыз күйге  түсіріп отыр.


Былтыр екі ортаға жүріп жатқан жүрдек пойыз аяқ астынан не себепті тоқтап қалғанын білу үшін Астанадағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның  операторларына  хабарласқанымызда :  «Астанаға жүрдек пойыз енді жүрмейді. «Вагондарды жаңартуға орай алдымызға қойылып отырған міндеттерге сай бұрынғы №67 «Астана -Өскемен» бағытындағы « Тұлпар-Тальго» пойызының вагондарын №376 «Астана Лениногор» бағытындағы пойызға ауыстырып, жалғадық. Бұл пойыз әлеуметтік пойыз, сондықтан осы пойызды қалдырып отырмыз. «Тұлпар -Тальго» алдағы жылы, жаңа вагондар сатып алған соң бірақ жүреді», деп жауап берген болатын компания операторы.


Алдағы жыл әлдеқашан жетіп, 2018 жыл  өте шыққанымен «Тұлпар Тальгоның» төте жолмен жүретін түрі жоқ. Облыс тұрғындары  Локоть арқылы жүретін айналма жолдың азабы әбден өткенін айтады.


-Бұрын кешкі сағат 5 те отырып сағат таңғы 9 дан өте Астанаға түсіп қоятын едік.  Астанаға, елорда арқылы басқа өңірлерге  қызмет бабымен жиі барып тұруымызға тура келеді. «ТұлпарТальгоның» билеті біршама қымбат болғанымен бәрібір ұшақтың билетінен арзан. Бір ұйықтап тұрған соң ,таңертеңінде елордаға түсесің. Қазір айналма жолдан қашып, Семейге таксимен  барып,  пойызға отырасың.  Қаншама уақыт пен қаржы кетеді. Кеткен шығыннан, уақыттан бөлек қысқы мезгілдерде жүріп, тұру үлкенге де, кішіге де аса қиын.Ал, енді жүріп, тұруға, Семейге барып, одан қайта пойызға отырып, жүруге қиналатын  үлкен адамдар айналма жолмен шығатын болса  екі сағаттық жерге тоғыз сағат бойы жүріп,  шаршап, шалдығып жетеді.Меніңше, бұл  бір жылда емес, бірер аптада-ақ шешіле алатындай мәселе.  – дейді Ресейдің Локоть стансасы арқылы жүретін айналма жолдың жолаушыларды әуре сарсаңға салып келе жатқанын айтқан өскемендік Ринат Хаджымұратов.


Ғасыр құрылысына балаған Өскемен Шар темір жолы салынды, іске қосылды. Енді ол төте жол тұрғанда аймақ тұрғындарын айналмамен жүргізуге мәжбүрлеп отырған қандай мәселе? Жұрттың  бара алмай, барса жете алмай жүрген жағдайын жергілікті билікте, жолаушы тасымалы компаниясы да керек қылмай отыр ма?


Тұрғындарды алаңдатып отырған «Қазақтан темір жолы»  АҚ ның №68-67 « Астана Нұрлы жер Защита» бағытында қатынайтын коммерциялық  пойызы неге жүрмей қалды?  Енді қайтадан жүре ме? деген  сауалдарға : «Инвестиция және даму минитрлігінің 2014 жылдағы №247 бұйрығына сәйкес облысаралық маңызды пойыздардың қатынасы арнайы бекітілген тізім бойынша   жүргізіледі. Әлеуметтік маңызды  пойыздарды ұйымдастыру тасымалдаушылар шығынын жабу үшін  республикалық бюджеттен бөлінген субидия бойынша  жүзеге асырылады.  « Жолаушылар тасымалы» АҚ мен инвестиция және даму министрлігінің көлік комитеті арасында жасалған таымалдаушыларды  ұзақ мерзімді субсидиялауға байланысты  келісім -шартқа сәйкес 2018 жылы  үш әлеуметтік маңызды бағытта «Тұлпар тальго» ЖШС вагондарын  жаңарту қарастырылған, соның ішінде «Астана -Лениногорск» бағытын.  Министрліктің көлік комитеті алдындағы міндеттемені орындау үшін компания 2018 жылдың 1қаңтарынан бастап 68/67 бағыттағы  «Астана -Нұрлы жол- Защита»  бағытындағы жүрдек пойыз қатынасын тоқтатып, Защита стансасы арқылы «Тұлпар -Тальго» ЖШС ның жаңа вагондарымен жүретін 376 375 «Астана- Нұрлы жол- Лениногорск»бағытындағы  пойызы қатынасын ұйымдастырды. Сонымен бірге компания комитет пен компания арасындағы келісім -шартқа өзгеріс енгізген жағдайда, сондай -ақ Семей -Локоть және Локоть -Защита  учаскелерінде жергілікті бюджеттен қаржы бөле отырып  қала іргелік қатынастар мәселесін шешкен жағдайда  376/ 375 «Астана- Нұрлы жол -Лениногорск»бағытындағы  жолаушылар пойызының «Шар- Өскемен»  стансасы арқылы жүпргізуге дайын екендігін білдіреді.» деп жауап берді  «ҚТЖ» АҚ атқарушы директоры- «Жолаушылар тасымалы» компаниясының президенті А. Сұлтанов.  Біздің ұққанымыз, мемлекеттен субидия алып отырған компания комитет алдындағы  өзінің міндетін орындау үшін жүрдек «Тальго» пойызының жаңа вагондарын әлеуметтік маңыздағы 376 /375 «Астана -Нұрлы жол- Лениногорск»бағытындағы  жолаушылар пойызының ескі вагондарына ауыстыруына байланысты төте жолмен жүретін жүрдек пойыз қатынасы тоқтаған. Оған қоса компания жүрдек пойыздың «Өскемен -Шар» төте жолымен жүруі үшін біздің облыс Семей -Локоть және Локоть- Защита  учаскелері бағытында пойыз жүргізуге  жергілікті бюджеттен қаржы бөле отырып  қала іргелік қатынастар мәселесін шешуі қажет деген шарт қойылып отыр.


Өткен жолы облыс әкімі  Даниал Ахметов өз орынбасарларына Инвестиция және даму министрлігіне Шар қаласы арқылы өтетін «Өскемен – Астана» бағытындағы теміржол қозғалысын қайта ашу мәселесін қарастыру жөнінде хат жолдауды тапсырған болатын.


Бұған облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов аталмыш мәселені шешу жолдары қарастырылып жатқанын айтып жауап берген болатын.Басқарма министрлікке  жолдайтын хатын  қазанда жолдап та қойыпты. Хаттан қайыр болса жақсы.


Нұржан Жұмаділов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар басқармасының басшысы:


Өскемен -Шар» төтежолы арқылы жүретін пойыз қатынасын қайтадан ашу туралы «ҚТЖ» ға, министрлікке хат жолданды. Министрлік келісімін беріп отыр. Егер пойыз қайтадан Астанаға «Өскемен -Шар –Семей» арқылы төте жүрсе Шемонайха ауданындағы және Семейден Локотьқа дейін баратын участоктағы тұрғындар пойызсыз қалады. Сондықтан олар бізге Өскеменнен Локотьқа дейінгі аралықта пойыз жүргізуге  субсидия бөлу қажеттігін айтып отыр. Біз қазір Өскеменнен  Риддерге және Өкеменнен Зырянға дейін жүретін пойызды жергілікті бюджеттен субсидиялап, жүргізіп отырғанымызды білесіздер. Сол сияқты енді Өскеменнен Локотьқа дейінгі аралықта Шемонайха ауданы халқын қамти отырып осындай пойыз шығару қажеттігі туып отыр. Ал Семейден Локотьқа дейінгі аралық ресейлік транзиттік пойыздар арқылы қамтамасыз етіледі. Қазір осы бағыттарды жергілікті бюджеттен субсидияландыру мәселесі қарастырылып жатыр. Егер осы мәселе шешілетін болса   2019 жылдың қаңтарынан бастап пойыз Өскеменнен Астанаға Шар арқылы қайтадан төте жолмен жүреді. Министрлік пен жолаушылар тасымалы компаниясы  келісім беріп отыр, тек жаңағы ішкі жолдарымызды пойызбен қамтамасыз етуіміз қажет.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив