KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Ресей АҚШ-тан келетін тауық етін Қазақстанға кіргізбей отыр

19.11.2018, 05:21 107

Ертеңнен бастап Ресей жері арқылы елімізге АҚШ-тан келетін құс етіне шектеу қойылмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Капитал кз сайтын нұсқап.


– Мұндай шешімді Ресей нарығына шыққан жері белгісіз өнімдердің Қазақстан жақтан өтіп кетпеуі үшін ауылшаруашылғы өнімдерін бақылау қызметі қабылдады. Бұған Қазақстанда ауылшаруашылығы өнімдеріне бақылаудың жоқтығы да себеп болуы мүмкін, – делінген ресейлік бақылау қызметінің ресми сайтында.


Сондай-ақ Ресей ведомствосы қазанда 7 мәрте АҚШ-тан Қазақстанға өтетін тасымалдау қызметі тоқтатылғандығын да еске салды.


Себебі, АҚШ тарапынан кейбір тауардың ветеринарлық сертификаты сауда керуені Еуроодақ айлағына жетіп қойғанда бірақ рәсімделіпті. Ал кейбір тауардың сақталу мерзімі өтіп кеткенге ұқсайды. Айлақтан 185 тонна азық кері қайтарылған.

Айта кетейік, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтағы елдердің барлығымен бірдей өз аймағына ветеринарлық бақылау жүйесін енгізетіндігін ескерткен болатын.


Енді ресейлік ауыл шаруашылығы өнімдерін бақылау қызметі елімізге мұндай өнімдердеден сынама алуды Еуразиялық экономикалық одақтың аккредиттелген лабороториясымен бірлесіп жасауды ұсынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив