KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 4 м/с, З
444.32 473.33 4.76

ШҚО жолдарында 16 жылыту бекеті жұмыс істейді

16.11.2018, 09:43 217

Қараша қаһарына міне келді. Бұлай болғанда, қаңтар-ақпан не дейді? Жуықта Өскеменде өткен баспасөз жиынында төтенше жағдай қызметкерлері алдағы қысқа дайындықтары қай деңгейде екендігін айтып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Қар қалың түсетін аудандарға асты биік 160 көлік бөлінді. Ал республикалық маңызы бар – 12, облыстық маңызы бар төрт жолдың бойындағы қауіп күтілетін тұстарға жылыту бекеттері орнатылды. Жалпы саны - 16. Олар тәулік бойы жұмыс істейді. Бұған қоса Ұлан, Жарма, Бесқарағай аудандарында төрт дәрігерлік құтқару бекеті бар екендігін ескертіп қояйын, – деді төтенше жағдайларды ауыздықтау бөлімінің басшысы Азамат Қапышев.


Оның айтысына қарағанда, құтқарушылар «кәрі құданы» күтіп алуға дап-даяр тұр. 4000-дай адам мен 1200-ден астам техника күші сақадай сай. Жедел құтқару шарасы үшін Өскемен әуежайында екі бірдей тікұшақ та қанатын қомдап әзір тұрғандығы мәлім болды.


Жиында білім басқармасынан келген өкіл де сөз алды. Айтуынша, жуықта оқушылар мен колледж студенттеріне қандай ауа температурасында сабақ шегерілетіндігі туралы бұйрық шыққан.


Егер желдің күші секундына екі метр болса, -28 градуста 1-4 сынып оқушыларына; -32 градуста 5-9 сынып оқушыларына; -34 градуста 10-11 сынып оқушыларына оқу шегеріледі.


Егер желдің күші секундына 2 метрден асса, -23 градуста 1-4 сынып оқушыларына; -27 градуста 5-9 сынып оқушыларына; -29 градуста 10-11 сынып оқушыларына және колледждің 1-2 курс студенттеріне оқу шегеріледі. Желдің жылдамдығы Бофорт шкаласымен өлшенеді.


– Күн сайын таңғы алтыдан бастап әр ауданның білім беру бөлімі жоғарыдағы бұйрыққа сәйкес ауа райын бақылап, таңғы ауысымда оқитын оқушыларға қатысты шешім шығарады. Ал түскі ауысымда оқитын балаларға сабақтың болу-болмауы сағат 11 шамасында белгілі болады, – деді мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің жетекшісі Айгүл Доржанова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив