KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Өскемендегі мешіттің жанында 10 жастағы баланы көлік қағып кетті

16.11.2018, 06:44 110

Кеше Өскеменде 10 жастағы баланы көлік қағып кетті. Оқиғаны кешке жақын қала тұрғындары көрген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Куәгерлердің сөзінше оқиға Сәтпаев даңғылының бойы, орталық мешіттің маңайында болыпты. Ол жерге дереу жедел жәрдем көлігі мен полиция қызметкерлері де келген.


Бұл туралы бізге жеткен ішкі істер басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқыс жәйтті полицейлерге сағат 18:20 кезінде қоңырау шалған адам айтыпты. Хабарлаушы жүргіншілер жолағында 10 жастағы баланы көлік қаққандығын жеткізген .


Тәртіп сақшыларының анықтауынша, тойота көлігін тізгіндеген адам 26 жаста. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.


Ал жеңіл жарақат алған бала дәрігер қарауынан өткен соң, үйіне қайтарылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив