KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Мемлекеттік қызметшілерге жаңа жылда сыйлық беруге тыйым салынады

16.11.2018, 04:24 103

Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің хатшылығында айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Мемлекеттік қызметшілер, алда түрлі мерекелер, Жаңа жыл мерекесі келе жатыр. Соны пайдаланып, басшыларыңызға, жоғары тұрған шенеуніктерге жақсы көріну үшін сыйлық жасауға тырыспаңыздар. Бұл мемлекеттік қызметшінің беделіне нұқсан келтіреді. Сіздерге нақты айтарым, қалталарыңыздан ақша шығарып, қымбат сыйлық алғанша, шынай ықыласпен ізгі тілектеріңізді жеткізсеңіздер де жеткілікті, - деді кеңесте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жанна Қабдолдақызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив