KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
448.89 477.93 4.76

ШҚО-да «ащы суды» тәуір көретін шенеунікке қатысты тәртіптік іс қозғалды

16.11.2018, 03:46 89

Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің хатшылығында айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Нақтырақ айтсақ, облыстық әдеп жөніндегі кеңес хатшылығымен Абай ауданы әкімі аппаратының құжаттары негізінде Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Айдар Асқатовқа қатысты тәртіптік іс қозғалып, қызметтік тексеру жүргізілген.


Белгілі болғаны, 2018 жылғы 13 қазан күні сағат 00.50 шамасында Қарауыл ауылында алкогольдік масаң күйінде бөлім басшысының орынбасары Асқатов көлік жүргізу кезінде жол патрулдік полициясының қызметкерлерімен ұсталып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған.


Сол себептен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыру жазасы көзделген әкімшілік хаттама толтырылып, 2018 жылғы 16 қазандағы Абай аудандық сотының қаулысымен дәлелденеді. Кеңеске келген шенеунік әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бергенін және мемлекеттік қызметшілерге қатысты Әдеп кодексінде көрсетілген нормаларды сақтамағанын толық мойындап, заң бұзушылыққа жол бергеніне өкінетінін айтты.


– Бұл Абай ауданында бірінші рет болып тұрған жайт емес, екі ай бұрын тағы бір мемлекеттік қызметкердің осындай ісін қараған едік. Сонда аудан әкімінің аппарат басшысы «енді мұндай жағдай қайталанбайды, тиісті шаралар қолданылады» деген болатын. Алайда, көп уақыт өтпей тағы да осындай оқиға тіркелді. Аудандағылар Асхатовтың бұл бірінші ісі емес дейді. Өзге қалалар мен аудандарда да осындай фактілер бар. Өкініштісі, біздің облыс осындай келеңсіз көріністен республикалық көрсеткіште алда тұр. Бұл өз кезегінде облыстың имиджіне кері әсерін тигізетіндігін ұмытпаңыздар. Мемлекеттік қызметшінің беделіне нұқсан келтірген шенеуніктерге нақты шара қолданылады. Ал Сіз үшін бүкіл аудан жауапкершілікке тартылады, - деді кеңесте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жанна Қабдолдақызы.


Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері ақылдаса келе, А.Асқатовқа қатысты мемлекеттік лауазымын төмендетуге, ал төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаны қолдануға ұсыныс енгізді.


Сонымен қатар, қоластындағы адамдардың тәртібіне бақылауды әлсіретіп, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін аудандық экономика және қаржы бөліміне жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының, аппарат басшысының, сондай-ақ, бөлім басшысының және аудандағы әдеп жөніндегі уәкілдің тәртіптік жауапкершіліктерін қарау үшін Абай ауданының әкіміне ұсыныс хат жолданды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив