KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Жаңа жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы тағы ұлғаяды

14.11.2018, 08:57 136

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық әйелдердің зейнет жасы 59 жасқа өзгереді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше жыл бұрын елімізде әйелдердің зейнет жасын біртіндеп өзгерту жөнінде заң қабылданған болатын. Заңға сәйкес, жыл сайын зейнет жасын алты айға ұлғайтып отырады.


Биыл 1 қаңтарда  зейнет жасы 58,5 жасқа өзгерітілген еді. Жаңа жылдағы өзгерістер 1960-1964 жылдар аралығында туылған әйелдерге қатысты болмақ.


Зейнет жасының ары қарай өзгеруі:


-  2020 жылы - 59,5 жас;

- 2021 жылы - 60 жас;

- 2022 жылы - 60,5 жас;

- 2023 жылы - 61 жас;

- 2024 жылы - 61,5 жас;

- 2025 жылы - 62 жас;

- 2026 жылы - 62,5 жас;

- 2027 жылы - 63 жас.


Осылайша, 2027 жылға қарай әйелдердің зейнетке шығу жасы ер адамдармен теңестіріледі.


Алайда зейнетке ерте шыға алатын азаматтар да бар. Бұл норма 1949-1963 жылдар аралығында ядролық қару сынағынан зардап шеккен мекендерде бес жылдан кем емес уақыт тұрған адамдарға қатысты. Мұндай жағдайда ер адамдардың зейнет жасы 50 жасты құраса, әйел адамдарда - 45 жас. Сондай-ақ, сегіз жасқа дейінгі бес не одан көп бала тәрбиелеп жеткізген әйелдер зейнетке 53 жаста шыға алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив