KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Түркияда үш ай визасыз жүруге болады

14.11.2018, 08:03 151

Қазақстандықтар енді Түрік елінде 90 күн бойы визасыз жүре алады. Осыған дейін визасыз режимнің мерзімі 30 күн болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Визасыз режим мерзімінің ұзартылуы жөнінде Anadolu агенттігі мәлім етті.


Жаңартылған тізімге Өзбекстан мен Тәжікстан да кіріп отыр.


Сондай-ақ, естеріңізге сала кетсек, Тайландқа осы жылдың соңына дейін виза тегін.


Жалпы қазақстандық паспортпен әлемнің 76 еліне визасыз баруға болады. Қазақстан Henley & Partners паспорттар Индексінде 69-шы орында тұр. Көршілес Ресей 47-ші орында екен, ресейліктер 119 елге визасыз бара алады. Аталмыш Индексте ең рекордты көрсеткішке Жапонияның паспорты ие. Жапондықтар үшін  әлемнің 190 елінде визасыз режим орнатылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив