Өскемен
+3°
пасмурно ветер 3 м/с, СЗ
457.29 490.35 5.97

Бүгін ШҚО-ның бірнеше ауданында аязға байланысты сабақ өткізілмейді

13.11.2018, 02:55 28 0

13 қарашада Шығыс Қазақстан облысының бірқатар елдімекенінде қатты аязға байланысты сабақтар болмайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД сайтына сілтеме жасап.


Өңірлік білім басқармасының ақпараты бойынша, бүгін Зырян ауданында 34 градус аязға байланысты 1-11 сынып аралығында, Риддер қаласында -24 аязға байланысты 1 ауысымдағы 1-4 сынып аралығында, Аягөз ауданында 31 аязға байланысты 1 ауысымдағы 1-9 сынып аралығында сабақтар болмайды. Сонымен қатар, Көкпекті ауданында  -27 аяз, 1 ауысымдағы 1-11 сынып аралығында және колледждердің 1-2 курстарының студенттері бүгін оқымайды.


Үржар ауданында -33 аяз, 1-9 сынып аралығындағы сабақтар болмайды.


Еске сала кетсек, еліміздің шығысында қатты аяз болып тұр. Сондықтан кеше де Шемонаиха ауданы, Риддер қаласында сабақтар өткізілмеді.


 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив