Қандай ауа райында оқушылар мен студенттер сабаққа бармайды?

Облыстық білім беру басқармасы қай сынып оқушыларына қандай градус аязда сабақ болмайтындығы туралы бұйрық шығарды. Колледж студенттеріне де қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Егер желдің күші секундына 2 метр болса,
-28 градуста 1-4 сынып оқушыларына;
-32 градуста 5-9 сынып оқушыларына;
-34 градуста 10-11 сынып оқушыларына оқу шегеріледі.
Егер желдің күші секундына 2 метрден асса,
-23 градуста 1-4 сынып оқушыларына;
-27 градуста 5-9 сынып оқушыларына;
-29 градуста 10-11 сынып оқушыларына және колледждің 1-2 курс студенттеріне оқу шегеріледі.
Сондай-ақ мектеп, колледж оқушыларына көктайғақта, өте қатты желде (Бофорт шкаласы бойынша, желдің соғуы секундына 10,8-13,8 метр, сағатына 39-49 км) сабақ кейінге шегеріледі.
– Сабақ суық ауа райында шегеріледі. Оны мектептің немесе колледждің басшысы хабарлайды, – деді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова.