KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 2 м/с, З
444.32 473.33 4.76

ШҚО-ның жолдарында медициналық-құтқару пункттері жұмыс істеп тұр

8.11.2018, 11:17 133

Аймақтың тас жолдарында төрт күре жолдық медициналық-құтқару пункті мен 16 жылыту пункті жұмыс істейді.  Олар жол-көлік оқиғасы кезінде жедел медициналық жәрдем көрсетуге арналған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Медициналық-құтқару пункттерінде бес маман қызмет көрсетеді: дәрігер, фельдшер, диспетчер, құтқарушы және жүргізуші. Пункт арнайы медициналық техникамен, апаттық-құтқару құралдарымен жабдықталған. Тікұшаққа арналған алаң да бар екен. Бұл туралы ШҚО ТЖД мәлім етті.


Күре жолдық медициналық-құтқару пункттерінің ғимаратын қыста жылыту бекеті ретінде де пайдалануға болады.


КЖМҚП келесі бағыттарда орналасқан:


«Привольное» - Өскемен-Семей тас жолының 84 шақырымында, Ұлан ауданының Привольное ауылына жақын маңда орналасқан. Телефон: 8-(72334)-31446.

«Жарма» - Алматы-Семей тас жолының 865 шақырымында, Жарма ауданының Аршалы кентіне жақын маңда орналасқан. Телефон: 8-(72347)-40814.

«Семеновка» - Семей-Павлодар тас жолының 634 шақырымында, Бесқарағай ауданының Семеновка кентіне жақын маңда. Телефон: 8-(72236)-22929.

«Семей» - Омбы-Майқапшағай тас жолының 826 шақырымында, Жарма ауданының Суықбұлақ кентіне жақын маңда. Телефон: 8-(72347) 67-803.


Пункт ашылған бес жыл ішінде 270 шақыртуға шыққан, 800 адамға медициналық көмек көрсетілген, 139 адам ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, КЖМҚП жергілікті жердегі шалғайда орналасқан кенттер мен ауылдардың тұрғындарына да көмек көрсетеді екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив