KZ
Өскемен
+10°
небольшой дождь жел 3 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Өскеменде 3300 тонна көкөніс 65 теңгеден сатылады

1.11.2018, 04:11 215

Дәстүр бойынша маусымаралық кезеңде тұрақтандыру қорының өнімдеріне (картоп, қырыққабат, сәбіз, пияз) 65 теңге деген баға қойылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Ертіс» ӘКК АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Думан Рахметқалиев тұрақтандыру қорының тауарларын ұсыну 2018 жылдың 5 қарашасынан 2019 жылдың 15 мамырына дейін жүзеге асырылатынын хабарлады. Яғни өткен жылдағыдай, «Ертіс» ӘКК АҚ өз сауда нүктелерінде аталмыш тауарларды халыққа үстемесіз сататын болады. Қазіргі уақытта 13 нүкте анықталды:


 


«Жастар» гастрономының жанындағы Павильон, Потанин көшесі, 31


«Өскемен» қонақ үйінің жанындағы Павильон, Қабанбай батыр көшесі, 162


«Ровесник» гастроном жанындағы Павильон, Серікбаев көшесі, 27


«Алтай» базары ауданындағы Павильон, Қабанбай батыр көшесі, 51


«Krauss» дүкенінің жанындағы Павильон, Сәтбаев даңғылы, 4


«45-ші гастроном» аялдамасы ауданындағы Павильон, Тәуелсіздік даңғылы, 27/1


«Защита» ауданындағы Павильон, Вострецов көшесі, 19


«Валентина» СҮ ауданындағы Павильон, Тәуелсіздік даңғылы, 84


Егоров көшесі, 9 үйдің маңындағы Павильон


Қазақстан көшесі, 72 үй маңындағы Павильон


Тәуелсіздік даңғылы, 87 үй маңындағы Павильон


Бажов көшесі, 331 үй маңындағы Павильон


«Фреш-Маркет» СҮ бөлімі, Сәтпаев даңғылы, 84


 


Жоғарыдағы сауда орындарында өнімдер ешқандай үстемесіз сатылады. Ал ең төменгі сауда үстемесімен 10 пайыздан аспайтын тұрақтандыру қорының өнімдері ірі дүкендерде, гастрономдарда және павильондарда саудаланатын болады. Олардың толық тізімін жақын арада жарияланады.


Сонымен қатар, "Ертіс "ӘКК" АҚ сауда үстемесіз өнімді сату үшін сауда павильондарын орнату үшін қосымша учаскелерді бөлуге өтінім берді. Қазір Өтінім ресімдеу сатысында.


Биылғы жылы тұрақтандыру қорына 7500 тонна көкөніс салынған. Оның ішінде Өскемен үшін – 3300 тонна, Семей үшін — 4200 тонна. Облыс орталығында маусымаралық кезеңде 1800 тонна картоп, 350 тонна қырыққабат, 700 тонна сәбіз және 450 тонна пияз сату жоспарлануда.


Естеріңізге сала кетейік, биыл қызылша әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімінен шығарылды.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив