KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 9 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Ұлттық Банк теңгенің 25 жылдығына орай айналымға үш ерекше монета енгізеді

1.11.2018, 03:33 147

Қазақстан Ұлттық Банкі ұлттық валютаның енгізілгеніне 25 жыл толуына орай «Теңгеге 25 жыл» монетасын айналымға шығаруға дайындалуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Барлығы үш тиын шығарылады. Олардың екеуі күмістен жасалған – салмағы бір килограмм және 62,2 грамм (екі Унция). Сондай-ақ салмағы 11,17 грамм тағы бір тиын мельхиордан жасалған.


Монеталарда жасауда алғаш рет екі жақты алтындау және сандық баспа технологиялары қолданылып отыр.


«Күмістен жасалған монеталардың дизайыны ерекше. Қазақстандық монеталардың айнасына айналады, – деп жызылған Ұлттық Банктің сайтында.


Ондағы мәліметтерге сүйенсек, кейін барлық монеталар сатылымға қолжетімді болады. Тираж және баға туралы ақпарат та Қазақстан Ұлттық Банкінің сайтында жарияланады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив