KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, В
449.58 486.94 4.86

ШҚО жолдары қатты аяздарға дайын ба?

31.10.2018, 04:29 110

«ОблШығысЖол» кәсіпорының 102 техникасының 92-сі (90 пайызы) қысқа сақадай-сай. Қыста жолдарды 15 грейдер, 13 самосвал, 5 бульдозер, 5 Урал қар күрегіші, 2 ДТ-75 қар күрегіші, 27 трактор, 16 тиегіш, 4 КамАЗ құмсепкіші, 5 К-700 тракторы тазалайтын болады. Олардың жүру схемалары әзірленіп, бекітілген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Өмеш асуындағы және Тарғын, Егіндібұлақ, Ұранқай ауылдарындағы жылыту бекеттері де қақаған аяздарға әзір. Өскемен, Семей, Аягөз, Шар қалаларындағы, Тарғын, Күршім, Егіндібұлақ, Самар, Үлкен Нарын, Ақжар, Бородулиха, Жаңа Шүлбі, Мақаншы ауылдарындағы кәсіпорын орынжайлары мен бокстары да қысқа дайын тұр. Бұдан бөлек, 441 мың литр жанармай, 3500 тонна құм, 790 тонна көмір, 365 дана уақытша жол белгісі, 2200 дана қар ұстағыш қалқан дайындалған. Қазір кәсіпорын жұмысшылары жол астындағы арықтар мен тұрбаларды тазартумен айналысуда, – дейді кәсіпорын басшылығы.


Қыста операторлар кезекшілігі ұйымдастырылатын болады. Яғни, олар жолдардағы жағдай бойынша ақпаратты жинап, оны жедел тиісті басқармалар мен полицияға жолдап отырады. Егер апатты жағдайлар орын алып жатса, жедел жасақ іске кіріспек. Олар арнайы техникамен қамтылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив