KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

1 қарашадан бастап Күршім паромының жүру кестесі өзгереді

30.10.2018, 08:42 502

Қараша айы туып, күн қысқара түсуімен «Қызыл ту» өткеліндегі паром кестесі де өзгереді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл жөнінде хабардар еткен "Қалқымалы өткел" ЖШС әкімшілігі Күршім жақтан облыс орталығына бірінші паром таңертеңгі сағат жетіде жылжитындығын айтуда. Ары қарай бекітілген кесте бойынша сағат сайын арлы-бері жүретін паромның соңғы рейсі кешкі сағат жетіде.


Қазан айындағы қара дауыл бірнеше мәрте жолаушы тасымалдаушы кеменің жүруіне кедергі келтіргені рас. Қараша айында күн райы қандай мінез танытары әзірше беймәлім. Ал күршімдіктердің тілегі - паромның кестеден жаңылмай, уақтылы жүріп тұруы ғана.


"Қызыл Ту" өткелінің қысқы кестесі:


07.00 08.00

08.00 09.00

09.00 10.00

10.00 11.00

11.00 12.00

12.00 13.00

13.00 14.00

14.00 15.00

15.00 16.00

16.00 17.00

17.00 18.00

18.00 19.00

19.00 20.00


Бұл кесте 2018 жылдың 1-қарашасынан бастап күшіне енеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив