KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-ның үш ауданында тау шаңғы туризмі дамытылмақ

25.10.2018, 07:30 204

Шығыс Қазақстанда «Алтайдың тау шаңғы кластері» деп аталатын туристік бағытты қолға алмақшы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл кластер Қазақстандағы туристерді тартатын ТОП-50 орындарының тізіміне кіріп отыр. Топ орындар Туризмді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның аясында анықталған болатын.


Алтайдың тау шаңғы кластері облыстың танымал қысқы курорттарымен ғана шектелмейді. Бұл бағыт Риддер, Глубокое және Зырян аудандарында да дамыту көзделген.


-Әсіресе, бұл Зырян ауданы үшін тиімді болмақ, онда жағажай демалысымен қатар, қысқы демалысты да дамытуға болады, - дейді ШҚО туризм басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев. – ТОП-50 тізіміне кіру қосымша инвестиция тартуы, кәсіпкерлерге белгілі бір жеңілдіктер ұсынуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив