KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да ЖРВИ-мен ауырғандардың саны 9 мыңға жетті

24.10.2018, 07:11 182

Жедел респираторлық-вирустық инфекция жұқтырғандардың саны облыста бір жарым айда 9 мыңға жетіп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл аурудың таралуындағы шекті сан емес. Өйткені эпидемиологиялық маусымның қараша айында басталатыны белгілі. Қуанышқа орай, облыста әзірше тұмау жұқтыру фактісі тіркелген жоқ.


Денсаулық сақтау басқармасы берген мәліметке сүйенсек, қыркүйек пен қызан айының бірінші жартысында облдыс бойынша нақты 8990 адам ЖОВИ-мен сырқаттанған. Оның ішінде Өскеменде - 2672 адам, Риддерде – 1244, Глубокое ауданында- 1185, Зырян ауданында – 884, Шемонайха ауданында – 348, Бородулиха ауданында – 166, Ұлан ауданында – 28.


Айта кетсек, 2018-2019 жылдары А типіндегі тұмау вирусының екі тип тармағы - H1N1 (Мичиган) және H3N2 (Сингапур), сондай-ақ, В типіндегі Колорадо вирусы белсенділенуі мүмкін жеп болжануда. Бұлардың арасында Сингапур вирусы қауіпті болып табылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив