KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Өскемендегі халықтық емдеу орталықтарынан заң бұзушылық табылып жатыр

19.10.2018, 10:58 116

Өскеменде балама медицина орталықтарына жоспардан тыс тексеріс жүргізілді, деп хабарлады Алтайньюс тілшісі.


Республикалық «Заңсыз-2018» іс-шарасының аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тапсырмасымен тексеру жұмысын қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы жүргізді.


– Тексерілген нысанның барлығынан заң бұзушылық табылды. Санитарлық-эпидемологиялық құжаттары түгел емес. Әкімшілік хаттама толтырылды, – делінген Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтында.


Кейбір орталықтардың әкімшілік істері сотқа жөнелтілген.


Айта кетейік, біраз уақыт бұрын осындай ем орынының иесі облыстық кәсіпкерлер палатасына шағым айтқан болатын. Арызданушының айтысынша, өзі осындай мемелекеттік органдардың тексерісінен кейін медициналық орталығын жабуға мәжбүр болыпты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив