KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 5 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Ішкі істер департаменттерінің атауы өзгерді

19.10.2018, 02:12 205

Бұдан былай Ішкі істер департаменті Полиция департаменті деп аталмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Әділет министрлігінің «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап.


ҚР Үкіметінің 2018 жылдың 16 қазанындағы №637 қаулысы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелеріне» сәйкес, елімізде Ішкі істер департаменттерінің атауы Полиция департаменттері деп өзгертіліп отыр. Аталмыш құжатқа премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қол қойып отыр.


Яғни, ШҚО Ішкі істер департаментінің жаңа атауы ШҚО Ішкі істер полиция департаменті болмақ. Сәйкесінше, ішкі істер басқармалары мен бөлімдері полиция басқармалары мен полиция бөлімдеріне айналады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив