KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Бородулиха аудандық ауруханасында қағаз бастылық толық жойылған

18.10.2018, 06:08 131

Нәтижесінде дәрігерлердің жұмыс уакыты қырық пайызға дейін үнемделіп отыр. Бұл жөнінде облыс әкімі Даниал Ахметовтың бүгін ауданға жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


-Өткен жылдан бастап "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасына сай аурухананың іс қағаздарын толық автоматтандырылған ақпараттық жүйеге көшірдік. Бұл бізге өте тиімді болды, - дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Умуд Эфендиев.


- Бұл өте дұрыс дүние. Енді дәрігер унемделген сол уақытты алдына келген науқасқа, не болмаса озінің білімін жетілдіруге арнайтын болады. Келесі кезекте дәрігерлердің білімін шетелде жетілдіру міндеті тұр, - деген аймақ басшысы алдағы уақытта аурухананы күрделі жөндеуге, қажетті медициналық заманауи жабдықтар алуға облыстан тиісті қолдау болатындығын жеткізді.


Айта кетсек бұл аурухана облыстағы үздік денсаулық сақтау мекемелерінің қатарынан. Мұнда жылына 250-ден астам күрделі оталар заманауи озық медициналық аппараттар арқылы жасалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив