KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Семейде аспалы көпірден ер адам секіріп кетті

16.10.2018, 06:46 189

Сағат таңғы 5.00 шамасында Семейдегі аспалы көпірден белгісіз ер адам секіріп кетті. Бұл жөнінде қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мəлімдеді.


Суыт хабар əуелі 102 нөміріне түскен екен. Секірген азамат, жас жігіт болған деседі. Судан құтқару қызметінің мəліметінше, оқиға көпірдің аквапаркке жақын тұсында орын алыпты.


Болған жерге жол-патрульдік полиция батальоны келгенімен, тəртіп сақшылар ер адамды райынан қайтаруға үлгере алмады. Əйтсе де өмірімен қош айтысуға бел байлаған азаматтың тірі қалғаны туралыда мəліметтер тарауда. Əзірге оның рас-өтіріктігі тексеріліп жатыр.


- Судан секірген азаматты іздестіру шараларына 2 қайық, жеке құрамнан 7 адам тартылды. Сүңгуірлер маңайды торуылдап, жағалауды түгелдей тексеріліп жатыр. Тəртіп бойынша, іздеу жұмыстары үш күнге жалғасады. Осы аралықта аталған азаматтың жоғалғаны турасында жақындарынан арыз түсіп қалуы ықтимал Сонда іздестіріліп жатқан адамның нақты кім екені анықталады, - деді Судан құтқару қызметінің жетекшісі Қуанышбек Байтуғанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив