KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 1,7 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Синоптиктер алдағы қыс қалай болатынын айтты

15.10.2018, 08:28 96

Қазақстанда қараша мен 2019 жылдың наурызы аралығында ауа райы қалай болатыны болжанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы «Қазгидромет» РМК гидрометорталық директоры Марина Шмидт мәлімдеді.


– Айтарлықтай аяз қарашаның бірінші, екінші және үшінші онкүндігінің ортасында күтіледі: Қазақстанның солтүстігінде түнде 10-20 градус, күндіз 5-10 градус суық болады. Оңтүстікте түнде 5-10, күндіз 0-5 градус суық болады. Ұзақмерзімді болжамдарға сәйкес, алдағы қыс Қазақстанда суық болады, ауа температурасы көпжылғы орташа мәннен төмен, жауын-шашын мөлшері нормаға сай болады, – дейді М.Шмидт.


Желтоқсанда суық антициклондар жиі келеді. Соның әсерінен аяз қатты, қар аз болады. Ал наурызда жауын-шашынның мөлшері нормадан жоғары болады дейді маман.


Марина Шмидттің айтуынша, 2018 жылдың қарашасы мен 2019 жылдың наурызы аралығына арналған ауа райы болжамы алдағы қысқа дайындалу үшін жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ қызметтеріне жолданды.


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив