KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Өскеменде адам қағып өлтіріп қашып кеткен жүргізуші ұсталды

15.10.2018, 05:38 149

Жол-көлік оқиғасы КШТ-да болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


14 қазан күні белгісіз көлік ер адамды қағып кеткен болатын. Жапа шегуші жарақат салдарынан қаза тапты. Ал айыпты азамат болса, бой тасалап үлгерген.


ШҚО ІІД оқиғаның таңғы сағат 6.45-те Сәтпаев даңғылы бойында болғанын анықтады.


– Жүргізуші 61 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде оның 57 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтадық. Күдікті құрықталды, – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.


Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив