KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 2 м/с, З
443.85 474.3 4.8

Көкпектіде балықты сүйегіне дейін өңдейтін зауыт жұмыс істеп тұр

12.10.2018, 03:59 144

Көкпекті ауданындағы балық зауыты қалдықсыз өнім шығару технологиясына көшті. Осыдан бастап бұл зауытта балықтың сүйегіне дейін кәдеге жаратылатын болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Балық ұнын өндіруді қолға алдық.Тұтынушылардың айтуынша, ұнның сапасы жоғары. Оған сұраныс та артып келеді. Мұнда негізінен сазан, көксерке, шортан сияқты балықтар өңделіп, нарыққа жөнелтіледі,- дейді зауыттың басшысы Александр Нарожнев.


Бүгінде зауытта 120 адам еңбек етеді. Мұнда бір ауысымның өзінде ғана төрт тонна өнім шығарылады.


– Басты мақсат – тұтынушылардың көңілінен шығып, сапалы өнім өндіріп, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, - дейді Александр Нарожнев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив