KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2,5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Мектептерде ата-аналар комитетін құруға тыйым салынуы мүмкін

10.10.2018, 11:04 252

Қазақстанда қыркүйек айынан бастап алым-салыққа қарсы акция өтіп жатқаны белгілі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана бойынша департаментінің басшысы Жазира Жылқышиеваның мәлімдеуінше, мұндай алым-салықты жинауға жиі ата-аналардың өздері бастамашы болады екен.


Ата-аналар арасында жүргізілген жасырын әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі бойынша, айына 1000 теңгеден 10000 теңгеге дейін өткізуге тура келгені анықталып отыр. Алайда бір де бір ата-ана мектептегі алым-салық туралы ашық айтқан емес.


Мектептерде ақша жинауды ата-аналар комитеті ұйымдастыратын көрінеді. Осыған байланысты алдағы уақытта Білім және ғылым министрлігіне ата-аналар комитетін құруға тыйым салу ұсынылмақ.


Сондай-ақ, алым-салық фактісі анықталған жағдайда мектеп директорларына қатысты шара қолданылатын болады.


Мұндай фактілер туралы ата-аналар сенім телефондары арқылы хабарлай алады:  +7 (7172) 55-68-73, 55-68-83, +7 775 160 55 32.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив