KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Семейдегі жедел жәрдем жүргізушілері жалақыларын әлі ала алмай жүр

10.10.2018, 05:00 124

   Семей қаласындағы жедел жәрдем стансасы жүргізушілерінің жалақы қарызы таяу күндері шешілуі  тиіс, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Өткен жылдан бері  жедел жәрдемді шақыру  төрт категорияға бөлінген болатын. Бірінші, екінші және үшінші категориялы шақыруларға жедел жәрдем стансасының дәрігерлері шығады да, төртінші категориялы дабылға қызмет көрсету  алғашқы медициналық-санитарлық ұйымдарға жүктелген.


Тоғыз айдың ішінде Семей қаласындағы жедел жәрдем стансасының қызметі үшін  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның облыстық филиалы 648,9 млн теңге аударған. Облыстық филиалдың директоры БолатАлиевтің түсіндіруінше, 1-3 категориялы шақыруларға бір адамға 220 теңгемөлшерінде, ал 4 категорияда бір адамға 31 теңге көлемінде  тариф бекітілген.


-2018 жылдың 9 қазанындағы жағдай бойынша, Қор филиалының Семей жедел жәрдем стансасының алдында ешқандай қарызы жоқ. Еңбекақы ешқандай кешігусіз, кесте бойынша төленуде. Бөлінген қаражат станса қызметкерлерінің жалақысына, операциялардың шығынын өтеуге толық жетеді, - деді Болат Алиев осы мәселеге қатысты  облыстық филиалдың ғимаратында өткен брифингте.


Сонда жалақы қарызы қайдан шықты? «Бақсам, бақа екен» демекші, еңбекақыларын ала алмай жүргендер Семей жедел жәрдем стансасымен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін «Комплекс и К» ЖШС-нің тоғыз жүргізушісі екен. Болат Алиевтің айтуынша, бұл Семей жедел стансасының тасымалдаушылармен өзара ішкі есеп айырысуы, оған медициналық сақтандыру Қоры араласа алмайды. Бәлкім, субмердігер ұйым өз міндеттемелерін толық орындамады. Қалай десек те, қазір жағдайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының облыстық филиалы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы бақылауға алған.


Жалақы қарызы жергілікті жұқпалы аурулар ауруханасында да бар болып шықты. Алайда бұл жердегі мәселе басшылықтың нашар менеджментінің салдарынан орын алған.


– Жұқпалы аурулар ауруханасында менеджмент ақсап жатыр, - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова. –  Медициналық мекеменің бірінші басшысы өз еркімен жұмыстан шығып кеткен. Қазір міндетін орынбасары атқарып жүр. Аурухана жекебейінді мекеме және заңды тұлға ретінде тіркелген.Біз алдағы уақытта оны көпбейінді ірі емдеу орнына қосуды жоспарлап отырмыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив