KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

255 жаңа автобус сатып алынбақ

9.10.2018, 10:35 144

Келесі жылы Өскемен және Семей қалаларының қоғамдық көліктері электрондық билетке көшеді. Осы мақсатта бюджеттен 1,8 млрд.теңге қаржы бөлінбек.


Бұл жөнінде бүгін кеңейтілген аппарттық кеңес барысында облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.


- Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған соңғы Жолдауында көлік-логистикалық қызмет көрсету секторын дамыту жөнінде айтқан болатын. Алдағы екі жылы Өскемен мен Семей қалаларының автобус парктерін жаңарту көзделген. Осы орайда 9,5 млрд. теңгенің 255 жаңа автобустары сатып алынбақ,-деді облыс басшысы.


Қоғамдық көліктерді жаңғырту жобасы Еуразиялық қайта құру және даму, Қазақстан даму банктерімен бірлесіп жүзеге асырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив