KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 2 м/с, З
443.85 474.3 4.8

Жер үйдегілер пешті кемінде үш айда бір рет тазалау керек - ШҚО ТЖД

9.10.2018, 06:05 139

 Биыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері азаматтардың назарын өрт қауіпсіздігі талаптарына барынша аударып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мамандардың айтуынша, өрт негізінен тұрғын секторда жиі орын алады екен. Бұл – барлық өрт санының 70 пайызын құрайды. Пешті дұрыс пайдаланбау, от жаққанда абайсыздыққа жол беру өрттің басты себептері. Оның ішінде тұрғындар үшін ең қауіп төндіретіні улы газ. Өрт шықпауы да мүмкін, алайда сол пешке от жағу кезінде улы газ бөлініп, ауадағы оттегінің мөлшері азаяды. Сондықтан да өрттен зардап шегушілердің көбісі тікелей оттан емес, түтінге және жану кезінде бөлінетін улы заттарға тұншығып қаза болады. Көбінде адамдар ұйқыға кетіп, қайта оянбай қалады. Мысалы, ресми ақпар бойынша, өткен жылыту маусымында ғана улы газдың әсерінен 90 адам зардап шеккен. Зардап шегушілердің басымы Өскемен мен Семейде, Бесқарағай, Бородулиха, Зайсан аудандарында тіркелген.


– Тұрғын сектордағы адамдардың улы газдан зардап шегуінің басты себептері – ұйқы мезгілі. Қазіргі таңда облыс аумағында 225 мыңдай жеке тұрғын үй бар. Біздің мақсатымыз – әр үйді аралап, қауіп туралы иелеріне ескертіп, оларға нұсқаулық өткізу. Сондай-ақ, пешті қалай қадағалау керектігі, жазатайым оқиғаларға жол бермеу үшін не істеу қажеттігі жөнінде кеңес беру, - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Шегетаев.


Өрт сөндіршілердің жүргізген санағына сенсек, өрттерде еркектер жиі қаза болады. Өртте өлгендер мен улы газдан зардап шеккендердің  үштен бірі балалар.


Сондықтан облыстық ТЖД жылыту маусымы алдында осы мәселеге азаматтардың назарын ерекше аударып, өрт сөндірушілердің жеке аулаларды аралауына түсіністікпен қарауға, пешті пайдалануда немқұрайлылық танытпауға, пештерді кемінде үш айда бір рет, түтін мұржаларын екі айда бір рет ыстан тазалауға, қатты отынның сапасына аса мән беруге және электр желілерін шектен тыс жүктемеуге, сондай-ақ, үйде және пәтерлерде сақтық үшін өрт сөндіру балондарын ұстауға шақырады. Өрт шыға қалған жағдайда бірден 112 және 101 құтқару нөмірлеріне хабарласқан жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив