KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Ең қымбат көмір Үржарда, одан кейінгі орында Күршім ауданы

9.10.2018, 04:10 208

Облыс  тұрғындарының көмірге қажеттілігінің  74 пайызы қанағаттандырылған. Алайда қара отынның сапасы сын көтермейді. Оның үстіне оның бағасы да қазір шарықтап кеткен. Облыстық қоғамдық кеңестің отырысында халықты көмірмен қаматамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Асхат Кенжебекұлының берген мәліметтеріне жүгінсек, ең қымбат көмір Үржар ауданында сатылады – бір тоннаның бағасы 16,700 теңге. Баға қымбаттығы жағынан екінші орында  Күршім ауданы – 15 мың теңге. Үшінші орында –Риддер қаласы- 14,500 теңге. Көпекті мен Катонқарағайда  тоннасы 14 мыңнан, Зырянда - 9,100 теңгеге сатылады.


Ең арзан көмір Семейде – тоннасы  7,400 теңге. Облыс орталығында көмірдің бағасы-8,800 теңгенің айналасында. Бұдан бөлек тасымалдаушылар жеткізіп бергені үшін кемінде бес мың теңге сұрайды. Бағаның әрқұлалығы алыпсатарлардың саудасын қыздыра түсуде.


-Өткен жылы да осындай жағдай орын алғанын білеміз. Саудагерлер бағасы арзан аудандардан сатып алады да, мысалы, Зыряннан,Көкпекті мен Катонқарағайға апарып жоғары бағамен саудалайды. Ауылдың шетіне келіп «алсаң осы баға, алмасаң өзің біл» дейді. Жағдайды қатаң бақылауға алу қажет - деді облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Владимир Головатюк.


Асхат Кенжебекұлы тасымалдаушылардың көмірді жеткізуді кешіктіріп жатқанынан да хабардар етті.


«Сейком» ЖШС қыркүйекте 97 ашық вагон немесе 6 мың тонна, қазан айының 8-дегі жағдай бойынша 16 ашық вагон немесе 193 тонна көмірді жеткізбеген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив