KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

«7-20-25» бағдарламасы бойынша ауылдан да үй сатып алуға болады

5.10.2018, 09:45 211

«7-20-25» бағдарламасы аясында несиелеу бойынша облыста «Центр кредит банкі» көш бастап тұр. Банк бағдарлама басталғалы бері тұрғындар тарапынан келіп түскен өтініштердің 94 пайызын қанағаттандырған деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі «Қазақстан Ұлттық Банкі» Шығыс Қазақстан филиалы берген мәліметіне сүйене отырып.


«Қазақстан Ұлттық банкі» филиалының директоры Айнагүл Жолдыбалинаның айтуынша, бағдарлама іске қосылған уақыттан бері өңір тұрығындары тарапынан баспана алуға 1,5 млрд. теңгенің өтініші келіп түскен. Бағдарламаға қатысушы өңірдегі алты банк 1 млрд. теңгеден астам соммадағы өтінішті несиелендіру жөнінде шешім шығарды.


«Қазақстан Ұлттық банкі» филиалының берген мәліметіне сүйенсек, бүгінде несиелендіру бойынша «Центр кредит» банкі 94 пайызбен көш бастап тұр, «АТФ» банкі несиелеу бойынша өтініштердің 3 пайызын қанағаттандырған. Өтініштерді қанағаттандыру бойынша келесі орынға 1 пайыздық көрсеткішпен «Банк RBK» және «Цесна банк» жайғасқан.


- «7-20-25» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерде де үй сатып алуға болады. Мұндағы басты талап - ол жаңадан салынған баспана болуы тиіс,-дейді Айнагүл Жолдыбалина.


Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының биылғы "5 әлеуметтік бастамасы" аясында "7-20-25" бағдарламасы бойынша бірқатар банктер арқылы жеңілдетілген несие беріле бастады.


Бағдарламаға сәйкес, несие өсімінің мөлшерлемесі жылына комиссиясыз және қосымша ақысыз 7 пайыздан, тұрғын үй құнының бастапқы жарнасы 20 пайыз, кредиттің ең ұзақ мерзімі 25 жыл.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив