KZ
Өскемен
-4°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

2030 жылға қарай Қазақстан халқының саны 21 миллионға жетуі мүмкін

28.09.2018, 09:05 118

2030 жылға қарай Қазақстан халқының саны 20,6 миллионға жетуі мүмкін. Алматылықтар 2 миллион болмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы жұмыспен қамту саласының маманы, экономика экс-министрі және БҒМ-ның бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеев мәлімдеді.


Халық санының өсімі 15 жылда– 1,2 пайыз. Осының ішінде халықтың табиғи өсімі соңғы үш жылда үш есе артқан. Ең жоғарғы өсім – Астана қаласы және Маңғыстау облысында байқалды. Бұл жерлерде 15 жыл ішінде халық саны екі есе көбейген – деді Ж.Күлекеев.


Маманның айтуынша, халық өсімін тежеп отырған – сыртқы көші-қон мәселесі.


Біздің болжам бойынша, 2030 жылға қарай халық саны 20 млн 690 мың адам болады. Бірақ еліміздің  ішкі және сыртқы саясатына байланысты бұл көрсеткіш өзгеруі де мүмкін. Экономикалық даму ілгерілесе, халық 21 миллионға да жетеді. Сондай-ақ 2030 жылы 2 миллион тұрғыны бар қала пайда болуы мүмкін. Ол – Алматы, – дейді Ж.Күлекеев.


Маманның сөзіне сүйенсек, Астана мен Шымкентте және Атырау Маңғыстау өңірлерінде халық саны өсе береді. Ал солтүстік және шығыс аймақтарда өсім байқалмауы мүмкін. Сондай-ақ қазіргі уақытта 57%-ды құрап отырған қала халқының саны 2030 жылға қарай 60% болады.


Күлекеевтің айтуынша, еліміздегі ерлер мен әйелдер санындағы теңсіздік сақталады. 1000 әйелге 900 еркектен келуі мүмкін. Ал жұмыспен қамтылған халық саны 6 %-ға жетіп, 9,2 млн адам болады.


Жұмыспен қамтылған адамдардың саны азаяды. Бірақ бұл жұмыссыздықтан емес. Халық саны өсіп, көші-қон көбейіп  келеді – деп түсіндірді маман.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив