KZ
Өскемен
+3°
дождь жел 2,5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Қазақстанда базалық зейнетақыны алып тастай ма?

28.09.2018, 06:04 103

БЖЗҚ-да 2014 жылы қазақстандықтарға зейнетақының қалай есептелінетіні туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі .


Естеріңізге сала кетсек, жуықта Қазақстанда базалық зейнетақыны алып тастайды, мемлекет өзінен жауапкершілікті алады деген ақпарат таралған еді. Бұл ел арасында біраз наразылық тудырған екен.


Алайда зейнетақы қорының мәлемдеуінше, базалық зейнетақының жойылатыны туралы сөз болмаған.


Бүгінде зейнетақы мемлекеттік бюджет пен жеке зейнетақы жинағынан құралып отыр. «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңына сәйкес, ынтымақты зейнетақыны 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін алты айлық еңбек өтілі бар тұлғалар алады. Ал 2040 жылы зейнетке шығатын азаматтардың 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі жоқ болса, базалық зейнетақыны алады екен. Базалық зейнетақының мөлшері 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек өтілі мен зейнетақы жинақ қорына қатысу уақытына байланысты болмақ.


Сондай-ақ, мемлекет қорға салынға зейнетақының сақталуына жауап береді. Демек, таралған ақпарат жалған болып шықты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив