KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Мемлекеттік қызметкер пара алса, басшысы жұмыстан қуылады

26.09.2018, 11:17 155

Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық фактісімен ұсталған немесе күдікті деп танылған мемлекеттік қызметкердің басшылары да жауапқа тартылуы мүмкін. Осыған қатысты заңды Парламент депутаттары Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе отырып, қарайтын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті.


Болашақта заңға мұндай өзгеріс енгізу мәселесі депутаттар арасында талқыға салынбақ. Бұл бастама қолдау тапқан жағдайда, саясаттағы мемлекеттік қызметкер саяси жауапкершілікті мойнына алып, тиісті басшы лауазымынан босатылады. Ал әкімшілік қызметкердің жұмысшылары парамен ұсталса, бөлім басшылары қызметтен кетуге мәжбүр болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив