KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Салық төлемегендер банктен несие ала алмайды

26.09.2018, 10:21 189

Жеке тұлғалардың меншігіндегі мүліктің салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Салық төлемегендер банк қызметін қолдана алмайды екен. Атап айтқанда, банктен есепшот ашу, аударымдар жасау, несие алу және т.б.


Мұндай шараларды жүзеге асыру 2018 жылдың 1 шілдесінде Салық кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулардан кейін мүмкін болып отыр. Бұл өзгерістерге сәйкес, екінші деңгейлі банктер салық қарызы немесе әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздары бар адамға кейбір қызметтерді көрсетуден бас  тартуға міндетті.


Сонымен қатар, салық міндеттемесін орындау мерзімі кешіктірілсе, күн сайын төлемақының мөлшері өсіп отыратын болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив