KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-ның аудандарында жылу беріле бастады

25.09.2018, 11:44 149

Зырян қаласында 22 қыркүйектен әлеуметтік нысандарға жылу беруді бастап кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Зырян ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітовтің айтуынша, бүгін жылу жүйесіне көпқабатты үйлер де қосылады екен.


Жылу ең алдымен ауруханалар мен балабақшаларға берілген, одан кейін біртіндеп мектептерде де қосқан. Қазір әлеуметтік мекемелердің 80 пайызы жылумен қамтылып қойыпты.


Ал көпқабатты үйлерде жылуды кезекпен дайындығына қарай қоса бастайды. Барлық нысандар 3-4 күн ішінде жылумен толық қамтылатын болады.


Айта кетсек, Зырянда жылу беру маусымына әзір емес үйлердің қатары азайып келеді. 2012 жылы 123 үй болса, биыл тек 16 үй ғана дайын емес екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив