KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Өскемендегі Ертіс көпірі биыл пайдалануға беріледі

24.09.2018, 04:13 115

Өскемендегі Қазақстан мен Сәтпаев даңғылын жалғастырып тұрған Ертіс көпірінің жөндеу жұмысы қашан аяқталады? Іс неліктен ұзаққа созылып кетті? Осындай сауалдарға көпірдің сапасын бақылайтын ғалымдар жауап берді.


– Әуелде бұл көпірге 6 қатар жол салмақ еді. Ол жоспар бойынша көпір жұмысы аяқталып та қалған болатын. Кейіннен облыс басшылығы жобаны қайта қарады. Нәтижесінде көпір 8 жолақты болып қайта жөнделіп жатыр. Онда велосипед пен жаяу жүргіншілерге арналған жолақ та салынады. Көпір ұзындығы – 323,3 метр, ені 43,1 метр болмақ. Көпірден басталған жол Жібек жолы көшесіне дейін 8 жолақты болады, – деді Владимир Ермоленко, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ құрылыс кафедрасы доценті.


Қалалық ТҮКШ мекемесі бұл нысан жыл аяғына дейін пайдалануға берілетіндігін айтты.


Ресми дерекке сүйенсек, құрылыс жұмысына 10 341 850,11 мың теңге қаражат жұмсалған. Қазір көпірге асфальтбетон төселіп жатыр. Тіреулері де жөнделуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив