Өскемен
+7°
облачно с прояснениями Штиль
474.47 503.51 4.88

Даниал Ахметов: Серебрянканың көшелерін жөндеуге 50 млн теңге бөлінеді

21.09.2018, 04:19 164 0

Келер жылы Серебрянка қаласындағы орталық көшелердің жолдарын жөндеуге 50 миллион теңге бөлінеді. Бүгін шаһарға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов осылай деді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Айта кетейік, биыл Серебрянкадағы Логовая мен Коммунальная деп аталатын екі көшесінің жолдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Бұл мақсатқа шамамен 18 миллион теңге жұмсалыпты.


Жөнделген жолдардың сапасына жақсы деп баға берген аймақ басшысы енді орталық көшелерге ден қою керектігін айтты.


- Жолдар сапалы жөнделіпті, сөз жоқ. Дегенмен алдымен қаланың шетіндегі емес, орталығындағы жолдарды жөнге келтірсеңіздер дұрыс болар еді. Келесі жылы тағы 50 миллион теңге бөлеміз. Сол қаражатты орталық алаң сияқты халық көп қатынайтын жолдарды жөндеуге бағыттаңыздар, - деп аудан және қала әкімдеріне тиісті тапсырма берді облыс әкімі.

164
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив